Қазақстанның алты өңірінде басшылар ауысты
Қазақстанның бес облысы мен Алматы қаласында қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің басшысы ауысты. Тиісті жарлыққа ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев президент әкімшілігімен келісілгеннен кейін қол қойды.
polisia.kz сайты хабарлағандай, кадрлық ауыс-түйіс мына өңірлерде болды:
- Ақтөбе облысы бойынша – әділет полковнигі Алмас Әбжанұлы Шамишев;
- Алматы облысы бойынша – әділет полковнигі Серік Жақсылықұлы Әбдікәрімов;
- Алматы қаласы бойынша – әділет полковнигі Дархан Тұрсынұлы Қанатбеков;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – әділет полковнигі Азамат Әбдіғалиұлы Ізтілеуов;
- Қарағанды облысы бойынша – әділет полковнигі Ғазиз Әбікенұлы Тәкешев;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – әділет полковнигі Рустан Серікұлы Ахметжанов.
Тағайындалған басшылар бұрын облыстарда қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінде басшылық қызметтер атқарған. Құқық қорғау органдарында көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар.
Еске сала кетсек, 2020 жылдың 12 ақпанында қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды. Комитеттің бұған дейін басшысы Дархан Қанатбеков 2019 жылы 9 қазанда өз еркімен жұмыстан кету туралы рапорт берді. ҚАЖК басшысының міндетін уақытша оның бірінші орынбасары Теңізжан Жәнібеков атқарды.
sputniknews.kz