Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2018 жылғы 28 желтоқсан 19:14 300

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.
29 желтоқсанда Түркістан облысында тәулік бойы тұман болып, таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, жел екпіні 23 м/с дейін жетеді.
29 желтоқсан күні Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Сол күні Солтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктіктен соғатын желдің жылдамдығы түнде 15-20 м/с дейін жетеді, кей жерлерде екпіні 25 м/с дейін, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.
29 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
29-30 желтоқсан күндері Алматы өзендері мен Сырдария өзенінің Қызылорда облысындағы бөлігінде тұрақсыз мұз құбылыстарына байланысты сең тоқтап, өзендердің арналарынан шығу қаупі бар.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz