Қазақстанның айырбастау пунктері доллар сатуды тоқтатты

0

Бұған дейін ұлттық банк айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгіледі

НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Қазақстан астанасы мен Алматыдағы валюта айырбастау пунктерінің барлығы дерлік 22 наурызда доллар сатуды тоқтатты.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыда тек екі айырбастау пунктінде ғана доллар 452-452,5 теңгеге сатылып жатыр.

Ал Нұр-Сұлтанның айырбастау пунктері америкалық валютаны сатуды бүгінге тоқтатқан.

Шымкентте бір долларды 453 теңгеге сатып алуға болады.

Айырбастау пунктерінде еуро бағамы: 483-490, 485-492 теңге.

Тағы оқыңыз: Вице-премьер кімдер жыл соңына дейін салықтан босатылатынын айтты

Бұған дейін ұлттық банк айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгілеген болатын.

  • АҚШ доллары — 6 теңге;
  • Еуро — 7 теңге.

Бұл шаралар елдегі төтенше жағдай режимі уақытында іске асады және ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың әсерін шектеуге және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.



sputniknews.kz