Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

2018 жылғы 14 желтоқсан 07:19 67

АСТАНА. ҚазАқпарат — Жұма, 14 желтоқсан күні Қазақстанның 4 қаласында метеорологиялық жағдай жайсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Астана, Көкшетау, Петропавл және Шымкент қалаларында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады. Атмосферада ластаушы заттар шоғырлануы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz