Қазақстаннан ұрланған машиналар қайда кетеді? — Қазақстан жаңалықтары

0

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда ұрланған көліктердің көп бөлігі Ресейге жіберілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көлік

«Ең алдымен ресейлік әріптестерімізбен жүргізілген жұмыстардың арқасында соңғы 5 жылда автокөлік айдап кету мен ұрлық саны 32 пайызға қысқарды. Ұрланған көліктердің 80-85 пайызы көршілеріміздің территориясына кетеді және дәл сондай пайызбен ұрланған көліктер Ресей Федерациясынан Қазақстан аумағына келеді», — деді Тұрғымбаев мәжіліс отырысында.

Депутат Василий Олейник 1993 жылдан бері Қазақстанда ұрланған 75 мыңнан астам автомобильдің тек 14,5 мыңы табылғанын атап өтті.

Тұрғымбаевтың айтуынша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мәліметтер базасын құру, көлік ұрлау қылмыстарын ашуға үлкен септігін тигізеді.

Бұған дейін Қазақстанға техникалық паспортсыз қолданылған автомобиль бөлшектерін сатуға тыйым салынатыны туралы хабарланған болатын.

Сонымен қатар, енді көлік жүргізушілері тек жеке куәлікпен ғана жүре алады. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

stan.kz