Қазақстаннан шыққан дәрігердің еңбегі еленіп, Францияның халық қалаулысы атанды — Қазақстан жаңалықтары

0

Францияда тұратын қазақ қызы Жанар Төребаева да аты жаман індетке қалай төтеп бергенін Евразия арнасының тілшісіне баяндап берді.

Қазақстаннан шыққан дәрігердің еңбегі еленіп, Францияның халық қалаулысы атанды

Індетке төтеп берген Жанар Төребаева да қай кезде де төзімнің қажеттігін айтады. Қазір Францияда тұрады, өзі Алматы облысының тумасы. Тәжірибелі дәрігерлің еңбегі шетелде еленіп, жуырда Францияның халық қалаулысы атанды. Қызметі егде жастағы науқастармен тығыз жұмыс істеу болғандықтан қарттардың бірінен вирус жұқтырып алса керек. 

«Наурыз айының ортасында қарт кісі кеңес алуға келді. Ол кісі жөтеліп отырған соң мен ол кісіге маска бердім. Бірақ маскадан тыныс ала алмай шешіп тастап отырды. Бетіме қарай 1-2 рет жөтелген болатын. Содан мен де ауыра бастадым», — деді Жанар Төребаева. 

10 шақты күннен кейін аурудың белгілері біліне бастапты, тамағы құрғап, басы ауырып, жөтелі күшейеді. Асқындырып алмайын деген оймен емге жүгінеді. Қазір ауруду таратпас үшін, жеке оқшауланды. 

Шетелдегі қандасымызды алаңдататын — қазақстандықтардың жауапсыздығы. Ол біздегі көп азаматтың қамсыздығы. 

«Науқас саны аз болған соң күдік бар шығар. Бірақ карантиннің талабын сақтап, үйден шықпай, қолды жуып, тазалық сақтаңыздаршы. Әке-шешелеріңізді, балаларыңызды қорғаңыз», — деді ол.

 

stan.kz