Қазақстаннан асырап алынып, АҚШ-та көз жұмған жасөспірімге қатысты тың мәліметтер пайда болды – Қазақстан жаңалықтары

0
70

АҚШ-та көз жұмған Қазақстаннан асырап алынған жасөспірімнің бала күнінде денсаулығына қатысты қиындықтары болмаған және ол қыз болыпты. Қостанайдағы балалар үйіндегілер мұхит асқаннан кейін Дэвин атанған Айсұлудың өмірінің алғашқы күндері туралы айтып берді.

ЛГБТ қауымдастығының өкілі болған: Қазақстаннан асырап алған жігіт АҚШ-та көз жұмды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Массачусетс штатының басылымының мәліметінше, 17 жастағы Дэвин Айсулу Тэкабари өз үйінде қайтыс болған. Ол 2 қыркүйекте жер қойынан тапсырылыпты. Алайда Дэвин-Диана-Айсұлудың өмірі туралы мәлімет жергілікті газетте таяуда ғана пайда болды. Онда қала тұрғындары шығармашыл жасөспірімнің өлімі туралы мәліметтен абдырап қалғандарын айтқан.

«Мен Дэвиннің өлімі туралы білмедім. Алайда оның жақын достарының бірін Зефи мектеп жиналысында жылап жіберіп, оның өлімі туралы айтты. Мен сол жерде жылап жібердім. Себебі оны бала күнінен танитын едім. Бір жарым сағат бойы жылаумен болдым. Кэтлин және Уэйн, сіздердің қайғыларыңызға ортақпын», – дейді Изабель Каррено-Фогт.

Кейтлин мен Уэйн Тэкабари 2002 жылы Қостанайда бір жасар Айсұлуды асырап алған. Белгілісі, әкесі ІТ саласында жұмыс істейді. Ол кішкентай Диананың суреттерін желіде жариялап жүрген. Дэвин 11 жасында өзін Диана едп атапты. Ол көйлек киіп, сурет салып, домбыра сыныбына барып жүрген. Ал жасөспірім шағында гимнастика, би, сурет және фотосурет өнеріне қызығыпты. Тіпті, оның фотожұмыстары Scholastic Awards 2018 ұлттық сыйлығының алтын жүлдесіне иеленген.

Алайда Дэвиннің өлімінің себебі мен денсаулығына қатысты қиындықтар туралы мәлімет берілмеген.

Ал Қостанайдағы балалар үйіндегілер Айсұлудың шала туылғанын айтады. Олардың сөзінше, анасы сәбиден бас тартыпты. Арада бір жыл өткеннен кейін америкалық ерлі-зайыпты дені сау қызды асырап алады.

«Ол бізге бір айлық кезінде түсті. Архивтегі мәліметтер бойынша, дені сау, дұрыс бала болған», – дейді «Дельфин» балалар үйінің бас дәрігері Өмірбек Байкенов.

Қазіргі уақытта Қазақстанның сыртқы істер министрлігіндегілер жасөспірімнің өлімінің мән-жайын анықтап жатыр.

stan.kz