Қазақстаннан асырап алынған америкалық азамат бауырын тапты — Қазақстан жаңалықтары

0

Жақын күндері желі арқылы туыстарын іздеп шарқ ұрған жігіт бауырын тапты. 

Қазақстаннан асырап алынған америкалық азамат бауырын тапты

ШҚО ҚБ Теодор Уолтонның туған бауырын тауып, байланысу үшін телефон нөмірін жіберді. Қорғау бөліміндегілер екі бауырдың кездесуін ұйымдастыруды қолға алып жатқанын мәлімдеді, деп жазады BaigeNews.kz.

Айта кетейік, Өскеменде 19 жастағы Теодор Уолтон Facebook-тің Kazakh American Association тобында туыстарын іздеп, хабарландыру жазған еді. Ол 2001 жылы Қазақстанда туып, 2002 жылы асырап алған отбасымен кетті. Туғанда ол Оразғалиев Марат Тоқтарұлы деп жазылған. 

Жасөспірім өзінің тегін жазып, осы тектес адамдардан назар салуды сұраған еді. 

stan.kz