Қазақстанға Ресейден тағы төрт жолбарыс жеткізілді
2025 жылы Іле-Балқаш резерватына Ресейден тағы төрт жолбарыс әкелінбек. Ерекше қорғаудағы аймаққа бұған дейін Нидерландыдан екі жолбарыс жіберілген еді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Экология министрлігі осылайша Тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру жоспарын орындамақ.
Жыртқыштардың азығы да бірнеше жылдан бері дайындалып жатыр. Аумағы 400 мың гектардан асатын резерватқа 205 бас бұғы, жүзден аса құлан жіберілген. Елік пен қабан санын арттыру да қолға алынған.
«Тұран» жолбарысы біздің жақта ең соңғы рет 1948 жылы көзге түскен. Негізі бұл аң аязға төзімді. Нидерландыдан әкелінгеннен кейін қорықта өмір сүріп жатыр. Қазір екеуі де салмақ қосты. Жағдайы жақсы. Келер жылығ мүмкін 2026 жылы күшіктеуі де мүмкін”, – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.