Қазақстанға Ресейден құс еті мен жұмыртқа әкелуге рұқсат етілді

0

Ресейдің Нижегород облысындағы құс тұмауы бақылауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде — Sputnik. Қазақстан Ресейдің Нижегород облысынан құс еті мен жұмыртқа әкелуге салынған уақытша шектеуді алып тастады. Бұл өңірде құс тұмауы бақылауға алынған.

«Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Нижегород облысында құс тұмауы бойынша жағдайдың тұрақтануына байланысты бұған дейін енгізілген уақытша шектеуді алып тастады», — деп жазылған Ресейдің Калининград облысы бойынша Россельхознадзор басқармасының сайтында.

Облыста тиісті кешенді шаралар қолға алынған.

Уақытша шектеу неге енгізілді

Өткен жылдың шілде айында Қазақстан Ресейден құс етін әкелуге уақытша шектеу қойған болатын. Өйткені Орлов, Ростов және Нижегород облыстарында құс тұмауы тіркелді.

Тағы оқыңыз: Депутат отандық өндірушілердің проблемасын көтерді

Құс тұмауы – инфекциялық вирустық ауру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, оның белгілері көп жағдайда көрінбейді. 

 

 

 

 



sputniknews.kz