Қазақстанға ренжіген Тұрсынбек Ресейде концерт беріп жүр

0

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Ресейге гастролдік сапармен барды. Ол жақында Орынбор, Самара, Орск қалаларында жеке әзіл-сықақ кешін өткізді, деп хабарлайды kznews.kz порталы.

Бұл туралы әзілкештің келіншегі Мөлдір Мұқанова Instagram-дағы парақшасында жазды. Бейнежазбада кешке 2 мыңға жуық көрермен жиналғаны көрініп тұр. Бұл Тұрсынбектің Орынбор қаласында өткен алғашқы концерті. Екі сағатқа созылған кеш өте әсерлі өткен сияқты. Халық әзілкешті сахнадан ұзақ уақыт жібермей қойды.

Бұл Орынбор қаласында өткен алғашқы концерті. Халықтың ерекше ықыласы мен қимай қоштасуы толқытпай қоймады. Шетелді аралап концерт қою жоспарда бар,

— дейді әзілкештің жары Мөлдір Мұқанова.