Қазақстанға Қытайдан дәрігерлер не үшін келді

0

Көрші елден келген делегация құрамына он маман енген: пульмонолог, реаниматолог, қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі сарапшы

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Бейсенбі күні Қазақстанға Қытайдан дәрігерлер делегациясы келді. 

«Қытайдың науқастарды емдеудегі, эпидемиологиялық тергеу жүргізудегі тәжірибесін білесіздер. Бізге  пульмонолог, реаниматолог және қоғамдық денсаулықты сақтау жөніндегі сарапшылар келді. Олар 15 күн болады, жұмыс бағдарламасы дайын», — деді денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров әуежайда тілшілерге.

Бағдарлама аясында дертті анықтау, коронавирус жұқтырғандарды емдеу сынды мәселелер талқыланады. Қытайлық дәрігерлер астана, Қарағанды және Алматы қалаларында болады.



sputniknews.kz