Қазақстандықтарға зейнетақы қорындағы ақшаларын баспана сатып алуға рұқсат бермек: Тоқаев берген тапсырмасын еске салды — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта азаматтардың зейнетақы қорындағы ақшасын тұрғын үй мәселесін шешу үшін пайдалана алатындарын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Салық жүйесі: Қазақстандықтар қашан және қандай салықтарды төлеуі тиіс

«Үкімет жыл соңына дейін Қазақстан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ жұмысын негізге ала отырып, «Отбасы банк» атты халықты қолдау және әлеуметтік даму институтын құру қажет. Бұл ұйымның басты міндеті азаматтарды тіркеп, оларға үй үйлестіру жұмыстары болуы қажет. 

Осы саладағы жүйелік өзгеріс — енді тұрғын үй мәселесін жақсарту үшін қазақстандықтар өздерінің зейнетақы қорындағы ақшасының бір бөлігін пайдалана алады. 

Мен бұған дейін осындай тапсырма берген болатынмын, алайда ТЖ режиміне байланысты мәселені талқылау ұзаққа созылып кетті. Бір шешімге келуіміз керек. Үкімет 1 шілдеге кейін осы жағдайды қарастырып бітуі қажет», — деді мемлекет басшысы. 

 

stan.kz