Қазақстандықтарға үй алуға 110 миллион доллар берілді

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

339 0 0

Мемлекеттік бағдарлама бойынша қарыз алу үшін 5,2 мыңнан астам қазақстандық өтініш берді

АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik. «7-20-25» бағдарламасы басталғалы бері жарты жылдай уақыт ішінде бес мыңнан астам өтініш қабылданған.

«10 желтоқсандағы ахуал бойынша 62,1 миллиард теңге немесе 167,9 миллион доллар қарыз алу үшін 5 298 өтініш түсті. Олардың ішінде 40,7 миллиард теңгеге немесе 110 миллион долларға 3 391 өтініш қанағаттандырылды», — деп хабарлайды Ұлттық банк.

Бағдарлама операторы Ұлттық банктің еншілес компаниясы — «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ әр он күн сайын аралық қорытынды шығарып отырады.

Алғашқы жеті қарыз 4 шілдеде Алматы, Астана, Ақтау, Орал және Өскемен қалаларында берілді.

«7-20-25» бағдарламасының шарттары қандай?

«7-20-25» жаңа ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша қарыз беру 4 шілдеден басталды. Бағдарлама шарттары: сыйақы мөлшерлемесі — 7%, жарна — 20%, несиені өтеу мерзімі — 25 жыл.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/