Қазақстандықтарға тағы да 42 500 теңгеден берілетіні рас па
Қазақстандықтарға 42 500 теңгенің тағы да берілетіндігі туралы хабарлама келіп жатыр. Бұл ақпаратты желі қолданушылары телефондарына келген смс-хаттың скрин-суретін жүктеп бөлісті.
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болған жағдайға түсініктеме берді.
Осы орайда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі техникалық қателік болғанын мәлімдеді.
«Түнде жүйелерді жаңарту бойынша стандартты жұмыстар жүргізілді, бұл төлемдерді тағайындау туралы ескі хабарлама жіберуге себеп болды. Хабарлама байланыс операторларының 400 000 абонентіне жіберілді. Бұл жағдай типтік емес және адам факторының салдары болды. Алаңдағандарыңыз үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз», — деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Анар Мағзұмова.