Қазақстандықтарға қол алысып амандасудан бас таратуды ұсынды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақ тамақтану академиясының президенті және С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың құрметті профессоры Төрегелді Шарманов қол алысудың орнына қазақша «сәлем беру» дәстүрін қолдануды ұсынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

қол алысу

Бұл туралы академик «Сенат аксакалов» бағдарламасында айтты. Әр аптада өтетін бағдарламада мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, жазушы Олжас Сүлейменов және академик Төрегелді Шарманов өткір тақырыптарды көтеріп, оның шешімдерін табуға тырысады. 

«Қазақтарда сәлемдесудің ескі түрі бар. Ал қазір қол алысып жатады. Бұл өте қауіпті. Ол адам қайдан шықты? Әжетханада шығып, сенімен амандасып тұрған болар. Егер қолыңды бермесең, онда сен туралы менсінбей тұр деп ойлайды. Мен мысалы, қол алмаймын. Осы нәрседен арылуымыз керек деп ойлаймын», — дейді академик.

Төреғали Шармановтың пікірінше, қол алыспай, иіліп «Сәлем беру» дәстүрін қолданған дұрыс.

«Мен БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасағым келеді: «Сәлем бер, болды». Ол тұмаудан сақтайды. Сондай-ақ, біріншіден, гигиена» , — дейді Шарманов.

Айта кетсек, жастар үлкендерге сәлем берген. Ал үлкендер кішіге иіліп сәлем салуға міндетті емес. 

stan.kz