Қазақстандықтарға ғарыштан құттықтау келіп түсті (видео)

0

Халықаралық ғарыш станциясының бортындағы бейнежазба Facebook-те Байқоңыр кешеніндегі ҚР арнайы өкілдігінің парақшасында жарияланды.

Құттықтауды ұзақ мерзімді 68-экспедиция экипажының мүшелері — командир Сергей Прокопьев, бортинженерлер Анна Кикина және Дмитрий Петелин жазды. Олар қазақстандық кеңістіктің ғарыштан қаншалықты керемет көрінетіні туралы айтып берді, сондай-ақ қазақстандықтарға ғарышкерлерге деген мейірімді қарым-қатынасы мен ынтымақтастығы үшін алғыстарын білдірді.

 

 

Ақпарат, бейнежазба: t.me/orda_kz