Қазақстандықтарға Cambridge English емтиханына дайындалуға мүмкіндік туды

0

Енді қазақстандықтардың Cambridge English емтиханына дайындалуға мүмкіндігі бар. Жыл сайын оны әлемнің 170 елінде бес миллион адам тапсырады. Аталған ағылшын тілін үйрету тәсілін осыдан 107 жыл бұрын Кембридж университеті құрастырғанын атап өткен жөн. Cambridge English халықаралық емтиханының IELTS немесе TOEFL емтихандарынан артықшылығы — жарамдылық мерзімі бойынша шектеуі жоқ.

Cambridge English емтиханының қазақстандықтарға қандай пайдасы бар? Аталған сертификат әлемнің 25 000 университетіне түсуге ғана емес, жетекші халықаралық компанияларға жұмысқа орналасуға да мүмкіндік береді.

М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Жоғары гуманитарлық мектебінің директоры Анар Ибраева:

— Университет үшін студенттер мен тыңдаушыларға оқу процесінде алған тілдік дағдылары болашақ мансабы үшін пайдалы болуы маңызды. Cambridge Assessment English Official Exam Preparation Centre мәртебесін алу заманауи білім беріп, жоғары сапаға назар аударатынымызды дәлелдейді.

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті отандық жоғары оқу орындары арасында алғашқы болып Cambridge English емтиханына дайындайтын ресми орталық мәртебесіне ие болды.