Қазақстандықтарға 42 500 теңге туралы SMS келе бастады — Қазақстан жаңалықтары

2

Қазақстандықтарға төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік төлем жайлы SMS хабарлама келуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Сізге төтенше жағдай кезеңіне әлеуметтік төлем 03.16.2020 бастап 04.15.2020 қоса алғанда 42 500 сомада тағайындалды», — делінген хабарламада.

Бұған дейін цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев 60 мың адамға жеңілдіктерді автоматты есептеу туралы SMS-хабарлама жіберілгенін айтқан болатын. Сондай-ақ, 280 мың азаматқа әлеуметтік көмек жіберілетін жауап SMS-те есептік жазбаның нөмірін жіберуді сұрайтын хабарлама түседі.

«Жалпы алғанда, миллионнан астам қазақстандықтар жәрдемақыны белсенді түрде алады, яғни ешқандай өтініш берусіз алады. Сондай-ақ, алдағы уақытта біз egov.kz порталында қоңырау қызметін жаңартамыз және сіз SMS-пароль арқылы ЭЦҚсыз өтініш бере аласыз», — деп қосты Жұмағалиев.

 

stan.kz