қазақстандықтардың сайлаулардағы үміті әрқашан ақталған

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ұжымдық қауіпсіздік ұйымының миссиясы Қазақстандағы президент сайлауларында жұмыс істеп, тәжірибе жинаған

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым — Sputnik. Ресей мемлекеттік думасының депутаты Анатолий Выборный Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы  (ҰҚШҰ) делегациясының құрамында Орталық сайлау комиссиясының брифингіне қатысып, бұған дейінгі Қазақстан президенті сайлауларында халықтың белсенді болғанын атап өтті.

Ол делегация құрамында Қазақстанға ҰҚШҰ бақылаушылары, ТМД (Тәуелсіз мемлекеттер достастығы) және ШЫҰ (Шанхай ынтымақтастық ұйымы) атқарушы комитеті бақылаушыларының миссиясы келгенін хабарлады.

«ҰҚШҰ парламенттік делегациясының құрамында Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей парламентшілері бар. Олардың барлығы елдердің жоғары заң шығарушы органдарындағы сайлауларда халықаралық бақылаушы ретінде үлкен тәжірибе жинақтаған. Біздің бақылаушылар Қазақстандағы президент сайлауларында бақылаушы болған, жұмыс тәжірибесі бар. Біз Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын бүге-шігесіне дейін зерттедік және заңнама уақыт талабына сай келетінін және ең бастысы, халықтың және халықаралық заңнаманың талаптарына жауап беретінін атап өтеміз», — деді Выборный.

 ҰҚШҰ делегаты ұйымның өкілдері бұрынғы сайлауларда бақылаушы болғанын айта келе, сайлаушылар әрқашан белсенділік танытқанын атап өтті.

«Біз қазақстандықтар бұл сайлауларда жай ғана белсенді емес, алдын ала белсенділік танытқанын көріп отырмыз. Үміт әрқашан ақталды», — деп мәлімдеді Выборный.

Спикердің айтуынша, халықаралық бақылаушылар үшін Қазақстанда сайлау заң талаптарына, оның ішінде халықаралық заңнамаға сәйкес өткізілгені, әрқашан әділ болғаны маңызды.

Айта кетейік, 8 маусым – Қазақстандағы тыныштық күні, кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады.

Сайлау 9 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.



sputniknews.kz