Қазақстандықтардың несие бойынша берешегі 6 триллион теңге болды


2018 жылдың қазанының соңында қазақстандықтардың жиынтық бөлшек несие берешегі шамамен 6 триллион теңге болды, өткен қыркүйек айымен салыстырғанда қарыз көлемі 1,7%-ға көбейген, бұл 2018 жылдың бас кезеңімен салыстырғанда 14,4%-ға көп. Бұл туралы Ranking.kz сарапшылары жария етті.
Бөлшек несиенің жартысынан көбі – тұтынушылық несие. Ол қазан айының соңында барлық несие көлемінің 53,1%-ы болды.
Несиенің орташа мөлшері жылдың басынан бері 3,1%-ға, яғни 534 мың теңгеге азайған, несие мөлшерінің бір айда 0,9%-ға азайғаны байқалады. Осы жылдың басынан бері несие берешегінің бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 5,1%-ға – 908 мың теңгеге дейін артқан. Бұл көрсеткіш бір айда 0,4%-ға өсіп отыр.
Несие беру құрылымдарына келсек, бұл жағынан қазан айында берілген барлық бөлшек несиенің 91,4%-ы банк секторына тиесілі болды, екінші орында – шағын несие беру ұйымдары (6%), үшінші орында – онлайн-несиелендіру жүйелері (2,4%).
Дереккөз: Baribar.kz