Қазақстандықтардың күнделікті карантин жағдайында өмір сүріп үйренулері керек — Елжан Біртанов — Қазақстан жаңалықтары
ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтар күнделікті карантин жағдайында өмір сүруді үйрену керектігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Тұрақты карантин мен пандемия шарттарында өмір сүруді үйренуіміз керек. Карантин дегеніміз қауіпсіздіктің бірнеше деңгейі мен бірқатар шектеу шараларының енгізілуі», — деді Біртанов.
Сөзінше, қазіргі таңда карантин бұлтартпас шара болмақ.
«Бүгінгі күннің өзінде кей кәсіпорындардың жұмысы жанданып, қоғамдық көліктер іске қосылды. Бұл қалыпты дүние, мұның барлығы сақтық шараларының бәсеңдеуі. Алайда эпидемияға қарсы талаптарды ұмытпауымыз керек. Өйткені біз үшін ең бастысы — адам денсаулығы мен өмірі», — деп қосты министр.
Бұған қоса ол соңғы кездері аурудың таралу деңгейі 25%-ға артып кеткенін алға тартты. Сол себепті министр қауіпсіздік шараларын естен шығармауға кеңес берді.
Еске салайық, бұған дейін Біртанов қатаң карантин мәселені шешпейтінін айтқан еді.
stan.kz