Қазақстандықтардың көпшілігі 58 мың теңгелік жалақы алады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандықтардың тең жартысының жалақысы 112 мыңнан төмен немесе 297 доллардың шамасында екен. Ал еліміздегі тұрғындардың көбісінің айлық табысы 58 мың теңгені (150 доллар) құрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz порталына сілтеме жасап. 

ақша

2019 жылы Қазақстандағы медиандық орташа табыс көлемі 112,2 мың теңге болыпты. Еліміздегі 3,3 миллион жұмыс істей азаматтар айына дәл осындай жалақы алады екен. Осы орайда медиандық табыс деп жұмыскерлердің жартысының төмен және жоғары жалақысының шектескен жерін айтатын ескеріп кеткен жөн. Жыл сайын орташа жалақы 5,6%-ға, яғни 5900 теңгеге өсіп отыратын көрінеді. Ескере кететін жайт, былтырғы жылы инфляция бағамы 5,4% -ды құрапты. 

«Орташа және көпшіліктің табысын есептегенде (модальді жалақы) шағын кәсіпорындарда жұмыс атқаратын қызметкерлердің табысы есепке алынбады. Әйткенде, орташа жалақыны есептегенде бірқатар кемшіліктер орын алар еді», — деп қосыпты сарапшылар. 

Елдегі халықтың көбі 58 034 теңгелік жалақы алады. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 27,5 %-ға төмен: екі жұл бұрын халықтың көшілігі 80 мың теңгелік (212 доллар) жалақы алатындығы анықталған еді. 

2019 жылдың соңғы тоқсанындағы қазақстандықтардың орташа айлығы 203,9 мың теңгені (542 доллар) құрапты. Бұл көрсеткіш медиандық табыс көлемінен екі есе көп екендігін аңғартып отыр. 

Төртінші тоқсан қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтандағы орташа жалақы 308,1 мың теңгені (818 доллар), Алматыда — 248,7 мың теңгені (660 доллар) құраған. Жалақы теңсіздігі жөнінен үш аймақ — Жамбыл (67,4%), Палодар (67,4%) және Солтүстік Қазақстан (66,8%) облыстары артта қалып қойыпты. 

Ос орайда гендерлік жағынан медиандық табыс көлемінің тең емес екендігін атап кеткен дұрыс: 2019 жылы жалақы бойынша ерлер 127,9 теңге (340 доллар), ал әйелдер 101,5 мың теңге (270 доллар) алып келген. Ортадағы айырмашылық 20,7%-ды құрап отыр. 

Ең жоғарғы жалақыға қол жеткізіп жүрген кәсіп иелері тау-кен өндірісі  (251 мың теңге немесе 667 доллар), қаржы саласы (211,7 теңге немесе 562 доллар), құрылыс саласы (188,4 мың теңге немесе 500 доллар) жұмыс істейді екен.

Табысы аз қызметкерлер мына салаларда жұмыс атқарады: өнер — 78,5 тысячи тенге (208 доллар), ауылшаруашылығы — 86,1 мың теңге (229 доллар), білім беру — 91,9 мың теңге (244 доллар)

 

 

stan.kz