Қазақстандықтардың 90 пайызы әлі ұшақпен ұшып көрмеген

0
17 Қараша 2018, 17:26 425 0

Астана, BAQ.KZ. Биылғы жылдың он айында әуе көлігімен 6 миллионнан астам жолаушы қатынаған. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. Алайда, ел азаматтарының 90 пайызы әлі ұшаққа мінбеген. Себебі, көпшілік үшін ұшақ билеттерінің құны қолжетімсіз. Бұл туралы almaty.tv арнасы мәлімдеді.

Сарапшылардың сөзінше, әуе билетін жеңілдікпен сатып алуға аптаның ең қолайлы күні – сейсенбі, күндізгі сағат 3-те екен. Ал сәрсенбіде түнгі сағат 1-де де акцияға дөп түсе аласыз. Яғни, сейсенбі күні түнгі сағат 12-ден кейін бронь жасалып, сатып алынбаған билет қайта тасымалдаушылардың компьютер жүйесіне бұрынғыдан төмен бағада енгізіледі. Сонымен қатар, ұшқанда бір әуе компаниясын, ал қайтар жолда өзгесін таңдау немесе рейсті ауысып отыру арқылы қарастыруға болады.

«Жұма, сенбі және жексенбі күндер ең жолаушылар көп билет алатын күндер. Ал сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі оған қарағанда ұшамын деушілер бәсеңдеу болатын күн. Қазіргі кезде банк карталарымен сатып алу кең таралған. Себебі, ол арқылы сатып алсаң қосымша бонустар түседі», – деді әуе билеттерін брондау компаниясының бас директоры Асхат ОМАРОВ.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ