Қазақстандықтарды әскерге жаңа тәсілмен шақыратын болады
Мәжілісте жаңа заң жобасы мақұлданды. 1414 нөмірінен хабарламалар арқылы әскерге шақырылады.
«Қорғаныс министрлігі SMS-хабарламаларды «электрондық үкіметтің» веб-порталы – 1414 қызметі және пайдаланушының «жеке кабинеті» арқылы жібере алады», — деп түсіндіреді авторлар.
Егер жұбайы жүктіліктің 12 аптасында (немесе одан жоғары)болса, кейінге қалдырылады
Енді заң жобасы екінші оқылымда мақұлданып, Сенаттан өтуі керек, содан кейін ғана Президент қол қояды.
фото: Акорда