Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жылдың соңғы айында екі мереке бар. 1 желтоқсан Тұңғыш президент күні, 16 және 17 желтоқсанда Тәуелсіздік күні аталып өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Желтоқсан айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 12 күн демалады.   

1 желтоқсан күн тойланатын мемлекеттік мереке – Тұңғыш президент күні жексенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні дүйсенбіге, 2 желтоқснға ауыстырылады. Осылайша бес күн жұмыс істейтіндер 30 қараша, 1,2 желтоқсан күндері қатарынан үш күн демалады.

Тағы оқыңыз: 2019 жылғы атаулы күндер мен мерейтойлар

Ал 16 және 17 желтоқсанда тойланатын Тәуелсіздік күні биыл дүйсенбі мен сейсенбіге түсіп тұр. Осы екі күнді қосқанда, 4 күн қатарынан демалыс болады – 14, 15, 16, 17 желтоқсан.

 



sputniknews.kz