қазақстандықтар желіде алғашқы қардың суреттерімен бөлісті

0

Синоптиктер республиканың кейбір өңірінде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескерткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының тұрғындары әлеуметтік желілерде кеше кешке жауған алғашқы қарды талқылап жатыр.

Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары әлеуметтік желілерде алғашқы қардың суреттерімен бөлісуде. Күз ортасында жауған қардан балалар аққала да жасап үлгерген.

Табиғат құбылысы желі қолданушыларының таңданысын туғызды.

Қазгидромет синоптиктері республиканың кейбір өңірінде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескерткен болатын.

Десе де Алматы, Шымкент және Таразда сынап бағанасы 15-18 градус жылыны көрсетіп тұр. Синоптиктердің болжамынша, бұл аймақта қар әлі жаумайды.



sputniknews.kz