Қазақстандықтар Жаңа жылда неше күн демалады?

0
Қазақстандықтар Жаңа жылда неше күн демалады?


Жаңа жылда қазақстандықтар төрт күн демалады.

Биылғы жылы сенбі, 29 желтосқсандағы, демалыс 31 желтоқсан – дүйсенбіге ауысады. Осылайша, қазақстандықтар 30, 31 желтоқсан және 1,2 қаңтарда демалады.

Жаңа 2019 жылдағы алғашқы жұмыс аптасы қысқа болады. Ал екінші аптаның дүйсенбісі, 7 қаңтар, Рождество мейрамына сәйкес келеді. Бұл мейрамға орай Қазақстанда демалыс беріледі.

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш перзиденті күні. Соған орай 1,2,3 желтоқсан демалыс беріледі. 16-17 желтоқсан –  Тәуелсіздік күні. 16 желтоқсан демалыс күніне тура келгендіктен қазақстандықтар 18 желтоқсанда демалады.