Қазақстандықтар теңгенің құлдырауынан қорқады: Ұлттық банк мәлімдемесі — Қазақстан жаңалықтары

0

Ұлттық банктің сыртқы коммуникация басқармасының басшысы Александр Терентьев өзінің Facebook-тегі парақшасында валюта нарығында жағдай тұрақты екенін мәлім етті. 

«Қазақстанның Ұлттық банкі валюта нарығында жағдайдың тұрақты екенін және теңгенің негізсіз құлдырауына себеп жоқ екенін хабарлайды», — делінген таратылған хабарламада. 

Халық пен ұйымдар сұранысын қанағаттандыру үшін Қазақстанның Ұлттық банкі мен екінші деңгейлі банктердің қоржынында ұлттық валюта қоры жеткілікті дәрежеде бар екені хабарланды. 

«Қазақстанның Ұлттық банкі теңгенің биржалық курсын қолдау мен оның қысқамерзімдік тұрақсыздығын басу үшін барлық шараларды қолдануға дайын. Қазіргі теңге курсы тұрақты әрі биржадағы бағамы Ұлттық банктің қатысуынсыз қалыптасуда. Теңге курсының тұрақтылығына сыртқы және ішкі факторлар да әсерін тигізеді», — делінген мәтінде. 

Ұлттық банк қазіргі уақытта даурығуға ешқандай негіз жоқ екенін, еліміздегі айырбас пункттеріндегі жағдай бақылауда екенін хабарлайды. 

Алып-сатарлардың валюта бағамын жоғарылатып жіберген жағдайы туралы Қазақстанның Ұлттық банкінің филиалдарына хабар беру сұралды. Бас банк жедел түрде шара қабылдайды. 

Естеріңізге сала кетейік, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін тоқтату туралы мәлімдемесінен кейін, қазақстандықтар теңгенің құлдырауынан қорқып, жапатармағай доллар сатып алуға асыққан болатын. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz