Қазақстандықтар сирек кездесетін «тұтылулар дәлізін» көре алады — Қазақстан жаңалықтары

0

Таяу күндері қазақстандықтар ерекше астрономиялық құбылысты — тұтылу дәлізін байқай алады. Бұл қысқа уақыт ішінде тұтылудың тұтас тізбегі болған кезең деп аталады. Ол 5 маусымда басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

астролог

Бұл күні Ай Жердің жартылай көлеңкесінде жасырынады, яғни дискінің бір бөлігі күңгірт болады және үш сағатқа дейін созылады. Ал 21 маусымда сақина тәрізді күн тұтылуы болады, ол 38 секундқа созылады. 5 шілдеде тағы бір ай тұтылуы күтіліп отыр.  Астрологтар мұндай құбылыс көптеген қолайсыз жағдайларға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Астролог Алесандра Нагорная ай тұтылуы кезінде абай болуға шақырды. Айтуынша, ол әсіресе адамның эмоциональдық күйіне әсер етеді. Бұл кезеңде адамдар агрессивті және мінезін басқара алмайтындай күйде болады. Соның салдарынан үйде жанжал мен көшеде төбелес болуы мүмкін. 

«Дамыған елдерде ол жаппай тәртіпсіздіктерге алып келуі мүмкін. Қазір Америкада болып жатқан нәрсе — бұл реакция. Әдетте, тұтылу екі апта алдын әсер етіп, оның ықпалы 3 айдан астам уақытқа дейін созылуы мүмкін», — деді  Алесандра Нагорная.

Шілде айының соңына дейін ірі келісімдерге қол қоюдың, құнды заттарды алудың қажеті жоқ, себебі өкініп қалу мүмкін. Ең дұрысы, ыңғайлы уақытты күту керек.

Алайда бұл кезеңде бұрын балталған істерді аяқтаған дұрыс. 

Ал астрофизиктердің айтуынша, тұтылу жыл сайын болады. Биыл олардың саны 6-ға жетеді және ешқандай әсері болмайды, тек ауа температурасы төмендеуі мүмкін.

Айта кетейік, Алматыдағы ең соңғы толық тұтылу 1941 жылы байқалған. Келесісі 2115 жылы күтіледі.

Ерекше құбылыс ретінде сақина тәрізді күн тұтылуы да есептелінеді, ол маусым айында болуы мүмкін. 

«Ай өзінің орбитасынан біршама алыс жерде орналасқан. Сондықтан ол күнді толық жаба алмайды. Жаздың кезінде бұл тіпті сирек кездесетін құбылыс. 21 маусымда басталуы сағат 11:16-да, максимум — 12: 40, ал аяқталуы — 14:06», — деді астрофизик Любовь Шестакова. 

Осылайша, 21 маусымда алматылықтар күннің сақина тәрізді тұтылуын көре алады, дейді астрологтар. Ай күн дискісінің шамамен 60 пайызын жабады. 

stan.kz