Домой Жаңалықтар Қазақстандықтар шетелдік көлікті заңдастыру туралы не білуі керек?

Қазақстандықтар шетелдік көлікті заңдастыру туралы не білуі керек?

0
354

23 қаңтардан бастап шетелдік көліктер заңдастырылады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қандай көліктер заңдастырылады?

«Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл көліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, оң жақтан басқарылатын көліктер», — делінген хабарламада.

Заңдастыру үшін талап етілетін ережелер қандай?

«- Көлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген болуы керек;

— Криминалдық есепте болмауы керек;

— Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;

— Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет», — делінген ведомство хабарламасында.

Өтінім беру 1 шілдеге дейін жалғасады.

Өтінім беру жолдары қандай?

— е-gov.kz электрон үкімет порталы арқылы;

— Екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;

— ХҚКО-ның «Өз-өзіне қызмет көрсету секторы» арқылы.

Көлікті заңдастыру үшін қажет құжаттар қандай?

— Өтінім;

— Өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат;

— Көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік;

— Көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.

Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі. Онда қабылданған шешім нақты жазылады. Заңдастыруға рұқсат етілсе, мемлекеттік алымдар төлеу қажет.

— Алғашқы тіркеу үшін — 200 000 теңге;

— Техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ — 4 313 теңге;

— Мемлекеттік нөмір — 9 660 теңге. Одан соң көлік иесі шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО мамандарына тапсырады. Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне ҚР тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмір беріледі.