Қазақстандықтар шетелден оралған адамдарға наразы: Оларға неге кіруге рұқсат етілген? — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандықтар шетелден жаппай елге қайтарылып жатқан азаматтарға байланысты наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Көптеген қазақстандықтар шетелде қалған азаматтарды пандемия кезінде елге жаппай қайтарып жатқан үкімет басшыларына ашулы. Жұрттың басым бөлігі шетеледе қалған отандастарымызды елге қайтармай, оларға қаржылай көмек көрсету арқылы, елде вирус жұқтырғандардың санын көбейтпеуге болатындығын алға тартады. Тіпті, әлеуметтік желілерде де бұл сауал халықты екі топқа бөліп тастағандай, біреулері, шетелдегі қазақстандықтарды елге оралуына жәрдемдесуіміз керек десе, енді біреулері, карантинге қарамастан шетел асып, өзге адамдардың басын қауіп-қатерге тіккендерді жазалау керек деседі. Дәл осылай ойлайтын адамдарыдың саны күн санап артып келеді.  

«Әуежай жабылмай, ауру адамдар келе береді. Біз қашанғы үйде отыру керекпіз?», — деп жазды желі қолданушысы.

«Үйден шықпа-шықпа дейсіңдер, ал өздерің шетелден қаңғып, вирус жұқтырғандарды елге кіргізесіңдер», — деп жазды екінші әлеуметтік желі қолданушысы.

Осы сынды сауалдар мен наразылықтарға ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 16:00 өткен брифингте жауап берді.

«Әрбір Қазақстан азаматы, қайда жүрсе де, өз Отанына оралуға құқығы бар. Кімнің қайтып келетінін, кімнің келмейтінін үкімет шешпейді. Бұл біздің азаматтарымыз, біз оларды қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», — деп жауап берді Абаев.

 

stan.kz