Қазақстандықтар салық берешегі туралы SMS-хабарламадан білетін болады

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

67 0 0

Сондай-ақ, әрбір салық төлеуші қарызының бар-жоғын eGov порталынан, салық төлеушінің жеке кабинеті мен банктің онлайн-сервистерінен тексере алады

АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда жыл соңына дейін салық берешегі туралы SMS-хабарлама енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Енді қазақстандықтарға салық берешегі туралы SMS-хабарлама жіберіледі.

«Жыл соңына дейін салық қарызы туралы SMS-хабарлама енгізуді жоспарлап отырмыз. Алайда бұл азаматтың салықты дер кезінде төлейтініне кепілдік бола алмайды», — деді қаржы министрі Әлихан Смайылов мәжілістегі үкімет сағатында. 

Министр шекара асатындар үшін салықты әуежайда төлеу мүмкіндігі қарастырылғанын атап өтті. Айтуынша, салықтың төленгені туралы ақпарат дәл сол сәтте келеді. 

«Біз үкіметтің электронды шлюзі арқылы тікелей банктермен кіріктірілдік. Бұл бір-екі минут ішінде төлем туралы ақпаратты көруге мүмкіндік береді. Сондықтан шетелге шыққанда мұндай проблема жоқ», — деді Смайылов.

Зейнетақы жинағын SMS арқылы қалай тексереміз?

Сондай-ақ, ол әрбір салық төлеуші қарызының бар-жоғын eGov порталынан, салық төлеушінің жеке кабинеті мен банктің онлайн-сервистерінен тексере алады. 

Осы орайда ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова салық берешегі туралы SMS-хабарлама жіберу үшін мобильді мәліметтер базасы жасалып жатқанын айтты.

«Бүгінгі таңда базада 7 миллионға тарта азамат тіркелген. Екі жыл ішінде мобильді база толығымен толады деген ойдамыз», — деді вице-министр.

2019 жылы қазақстандықтардың өмірінде қандай өзгерістер болады?


Дереккөз: https://sputniknews.kz/