қазақстандықтар Ресейде қайда дауыс береді 

0

Ресейде жүрген қазақстандықтар президент сайлауында бес қалада – Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбыда дауыс бере алады 

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. 9 маусымда Ресейде болатын Қазақстан азаматтары РФ бес қаласында дауыс бере алады.

Қазақстандықтар Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбыда өзіне ұнаған кандидатты таңдайды.

«Президент сайлауы күні Мәскеуде болатын қазақстандықтар Қазақстан Республикасы елшілігінде дауыс бере алады, мұнда №265 сайлау учаскесі жұмыс істейді», — деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.

Мәскеудегі дипломатиялық өкілдік жұмысының режимі – жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін. Ол Чистопрудный бульвары, 3 А мекенжайында орналасқан.

Тағы оқыңыз: Дауыс беру аяқталғаннан кейін 12 сағат бойы санақ жүргізіледі

Дипломаттар Қазақстан азаматтарына Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінде консулдық есепке тұруға немесе +7 (495) 627 18 12, +7 (495) 627 18 96 телефонына хабарласып, өзінің аты-жөні мен ЖСН хабарлауға кеңес берді. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізу рәсімін жеңілдетеді.

Мәскеуден басқа, Ресей Федерациясы аумағында төрт қалада Қазақстан Республикасының Бас консулдығы мен консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде дауыс беруге болады. Олар мына мекенжайлар бойынша орналасқан:

Санкт-Петербург, Рылеев көшесі, 10 үй. Тел.: +7 (812) 335-25-46, 335-25-47, e-mail: kazconspb@mail.ru. Веб-сайт: http://mfa.gov.kz/ru/s-petersburg

Қазан, Карл Маркс көшесі, 8/13 үй. Тел.: 8 (843) 202 05 52, +7 999 155 69 71, e-mail: kazan@mfa.kz. Веб-сайт: http://kzkazan.ru/ru

Астрахань, Акварель көшесі, 2 Б. Тел.: +7 (8512) 25-18-85, (8512) 61-00-08, e-mail: astrakhan@mfa.kz. Веб-сайт: www.mfa.kz/ru/astrakhan

Омбы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 9 үй. Тел.: +7 (3812) 32-52-13, 32-52-07, 32-52-08, факс.: 32-52-15, 32-52-05 e-mail: omsk@mfa.kz. Веб-сайт: www.kz-omsk.ru.

Қазақстандағы президент сайлауы

Кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Сайлау учаскелерінде дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Осы жолы Қазақстан президенттігіне жеті адам таласады. Олар:

  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.

Президент сайлауына 12 067 475 бюллетень дайындалады.



sputniknews.kz