Қазақстандықтар қаңтарда неше күн демалады?

0

2022 жылдың қаңтарында қазақстандықтар мереке мен демалыс күндерін қосып есептегенде 13 күн демалады, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Қаңтарда 10 демалыс және 3 мереке күні бар. 1 және 2 қаңтарда ел тұрғындары Жаңа жылды атап өтеді. Мерекелер сенбі және жексенбіге түсетіндіктен, олар дүйсенбі мен сейсенбіге ауыстырылады.

Рождество мерекесі –жұмаға түсіп тұр. Бұл күні қазақстандықтар демалады.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер келер жылдың қаңтарында 13 күн демалады (1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 15, 16, 22, 23, 29, 30 қаңтар), аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 8 күн демалады (1, 2, 3, 7, 9, 16, 23, 30 қаңтар).