Қазақстандықтар қандай музыканы көп тыңдайды?

0
Яндекс.Музыка
Фото: Kp.ru

“Яндекс.Музыка” 2018 жылы қазақстандықтардың қандай музыканы көп тыңдағанын анықтады.

“Яндекс.Музыка” қолданушылары негізінен ағылшын тілінде ән айтатын орындаушыларды тыңдаған. Қазақстандықтардың хип-хоп пен поп-музыканы жақсы көретіні анықталды. Jah Khalib-тің “Медина” трегі абсолют хит болып шықты.

Қазақстанда 2018 жылы танымал болған топ-10 трек:

  1. Jah Khalib – “Медина”
  2. Dynoro, Gigi D’Agostino – In My Mind
  3. Sia, David Guetta – Flames
  4. MATRANG – Медуза
  5. LOBODA – SuperSTAR
  6. Clean Bandit, Demi Lovato – Solo
  7. Calvin Harris, Dua Lipa – One Kiss
  8. MARUV – Black Water
  9. Camila Cabello, Young Thug – Havana
  10. Монеточка – “Каждый раз”

Плейлист

Қолданушылардың талғамы бойынша Jah Khalib Қазақстандағы ең танымал орындаушы атанып отыр. “Яндекс.Музыка” зерттеуінің нәтижесінде оның лирикасына “детка”, “неземной”, “нежный”, “нереальный”, “скромно”, “солнечный” деген сөздер тән екені белгілі болды. Интернет-сервис өкілдері қолданушыларға әсер ететін факторлардың бірі осы болуы да мүмкін деп топшылайды.

MATRANG псевдонимімен танымал Ресей орындаушысы Алан Хадзагаров жыл жаңалығы болып отыр. Оның “Медуза” трегі ұзақ уақыт чарттың жоғарғы орындарында болды. Ағылшын тілінде ән салатын музыкалық топтар арасында екінші жыл қатарынан Imagine Dragons алғашқы орыннан түспей тұр. Қазақстандықтар ағылшынша ән айтатын жеке орындаушылардан Sia-ны көп тыңдайды.

“Яндекс.Музыка” нұсқасы бойынша жылдың үздік музыканттары:

Jah Khalib – жылдың қазақстандық орындаушысы

Imagine Dragons – жыл тобы

Sia – ағылшын тілінде ән айтатын жыл әншісі

LOBODA – орыс тілінде ән айтатын жыл әншісі

Calvin Harris – жылдың шетелдік әншісі

Егор Крид – орыс тілінде ән айтатын жыл әншісі

MATRANG – жыл жаңалығы

Орыс тілінде ән айтатын музыканттар арасынан қазақстандықтар Егор Крид пен LOBODA-ны көп тыңдайтын болып шықты, ал биге арналған тректерден Dynoro, Gigi D’Agostino-ның In My Mind композициясы үздік атанып отыр.

“Яндекс.Музыка” сарапшылары бұл зерттеуді 2018 жылы шыққан тректер мен альбомдар туралы және олардың осы жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында қаншалықты тыңдалғаны туралы мәлімет негізінде жасаған.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz