Қазақстандықтар қайтадан вакцина салдыруы мүмкін: Дәрігер айтып берді

0

Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы ревакцинация қажет болуы мүмкін, деп хабарлайды  “Хабар 24” арнасы.

Вакцинаны қайтадан салу, салмау мәселесін анықтау үшін адамның бойында антиденелер қанша уақыт сақталатыны зерттелуі керек.

“Бұл спайс-ақуызға байланысты. Антидененің көрсеткіші нөлге тең болған жағдайда адамдар қайтадан вакцина салғызуы керек болуы мүмкін.

Ревакцинация мәселесі әлі талқылануда. Ақпан-наурызда халықтың көп бөлігі, негізінен медициналық қызметкерлер вакцинацияланғанын ескере отырып, күзге қарай, қазан-қараша айларында олардың кейбіреулеріне қайта вакцинация қажет болуы ықтимал”, –дейді жоғары санатты инфекционист-дәрігер Сәуле Атығаева.