Қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады

0

Sputnik Қазақстан республика азаматтары визасыз бара алатын мемлекеттердің тізімін ұсынады

Қазақстан азаматтары Америка, Азия, Таяу Шығыс, Африка және ТМД-ның бірқатар еліне визасыз бара алады.

14 күнге дейін

Қытайлық Гонконгта Қазақстан азаматтары 14 күнге дейін виза рәсімдемей-ақ жүре алады.

28 күнге дейін

Барбадос билігі қазақстандықтарға өз шекарасын ашты.

30 күнге дейін

Қазақстан азаматтары Аргентина, Бразилия, Индонезия, Ливан, Малайзия, БАӘ, Сейшель аралдары, Сербия, Тәжікстан, Өзбекстан, Филиппин, Черногория, Оңтүстік Корея, Эквадорда визасыз 30 күнге дейін бола алады.

90 күнге дейін

Қазақстандықтар үш айға дейін визасыз келесі елдерге бара алады:

  • Ресей
  • Әзербайжан
  • Албания
  • Беларусь
  • Колумбия
  • Коста-Рика
  • Қырғызстан
  • Молдова
  • Моңғолия
  • Намибия
  • Түркия
  • Украина

180 күнге дейін

Арменияда қазақстандықтар жарты жыл визасыз емін-еркін жүре алады.

365 күнге дейін

Грузия Қазақстан азаматтарына визасыз режимді бір жылға ұсынады.



sputniknews.kz