Қазақстандықтар неліктен өз елтаңбамызбен таныс емес?
Жаңа Адамдар елтаңба рәмізі туралы, Қазақстандықтардың пікірін білу үшін, Астана мен Алматы қалаларында 500-ден астам әр-түрлі жастағы тұрғындардан, әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы, зерттеу жасады және шыққан қорытындының ойландыратыны сөзсіз. Сауалнама жүргізу кезінде, тұрғындарымыздың басым көпшілігінің есіне еліміздің рәмізінің бейнесі түспеді. Сауалнамаға қатысушылардың 70% елтаңбамыздың бейнесіндегі жекелеген элементтерінің мән мен мағынасын түсінбейтінін көрсетті. Сауалнамаға қатысушылардың 30% ғана алты бірдей ұқсас рәміздер арасынан біздің төл елтаңбамызды нақтылап, танып көрсете алды. Тіпті көбісінің ұқсас рәміздер арасынан қанатты тұлпары бар өзіміздің елтаңбамызды емес, құстар мен айдаһар бейнеленген өзге рәміздерді көрсеткендері таң қалдырды.
Сауалнама барысында отандастарымыздан біздің мемлекетімізді адами қасиеттермен сипаттап беруін сұраған болатынбыз.
Астана мен Алматы қалаларындағы тұрғындардың басым көпшілігі бірдей жауап берді. Қазақстан — бұл қонақжайлылық, еркіндік, отбасы құндылықтары мен бірлік.
Бірақ та, осы айтылған басты құндылықтарды қазіргі біздің елтаңбамызда көре алмағандары жайлы респонденттердің басым көпшілігі атап өтті.
Мемлекетіміздің қазіргі елтаңбасы бірлік пен ынтымақ шақырып, рәміз ретінде өз маңына шоғырландыра алады ма? Сауалнама қорытындысы қарапайым тұрғындарымыздың рәміз мағынасын түсінбейтінін және тани алмайтынын да көрсетті. Қарапайым халық үшін рәміз — кітап беттеріндегі сурет секілді немесе міндетті түрде басшылардың кабинеттерінде ілініп туруы керек мемлекеттік дүние ретінде қабылданғандай, елтаңбамыздың семиотикаға немесе мағынаға ие болмағандығы ма?
Неліктен бұндай қорытындыға келдік? Мәселе Қазақтандықтарда ма? Әлде кінәрат рәмізімізде ме?
Күрделі, эклектикалық мағынамен, советтік үкіметтен қалған элементтер, рәмізіміздің нұрын тұмшалаған іспетті және бізді бір ұлт ретінде шоғырландыру міндетін атқара алмайтын халде.
Омирзаков Мади, Жаңа Адамдар:
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әділетті Қазақстанды құру бағдарын ұсынды. Қарапайым халықтың, ұсыныстарымен өтініштерін, тыңдай білетін мемлекетті қалыптастыру. Осы арада, жаңа рәмізіміз туралы ой толғансақ, жаңарған жаңа Қазақстанның жаңа рәмізі жаһандық кедергілерден тайсалмай өту жолында, халқымыздың бірлігімен ынтымағын күшейтері сөзсіз”.