Қазақстандықтар наурызды 8 күн бойы тойлауы мүмкін — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда Наурыз мейрамы 8 күн бойы тойлануы мүмкін. Ғалымдар мен қоғам белсенділері осындай ойды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Qazaqstan» арнасына сілтеме жасап.

Наурыз

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған «Азаматтық алаң» пікірталас клубының алғашқы отырысында осы мәселе жан-жақты талқыланды.

Ұлық мерекені наурыздың 14-нен 22-не дейін тойлап арқылы оның маңыздылығын арттыра түсеміз, дейді зиялы қауым.

«Соңғы жылдары бұқаралық сипаттан ажырап, сахналық киіпке еніп, аздаған жұртшылықтың қызықтауына айналған бір фальклорлық қойылым көрінісінен аспауда. Мерекелік көңіл-күйді 31 желтоқсан — Жаңа жыл мерекесінен Ұлыстың ұлы күніне аударсақ деген мақсатпен ұсынып отырмыз. Және Наурыз мерекесін бұқаралық тойлануын арттырсақ деген оймен», — деді «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев. 

Сондай-ақ, шара барысында аталған бағдарламаның жұмысын жұртшылыққа баяндайтын жаңа елшілер таныстырылды. 

stan.kz