Қазақстандықтар мінген шағын автобус Түркияда апатқа ұшырады
Алдын ала мәліметтер бойынша, 13 турист жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Түркияның Muğla Gazetesi жаңалықтар порталы хабарлады.
Апат Муглада, Милас ауданында болды.
Сағат 7: 00 шамасында 112 пультіне шағын автобустың аударылғаны туралы хабар келді, онда зардап шеккендер бар. Апат орнына жедел жәрдем, полиция және өрт сөндіру көліктері шықты.
Автобустан 13 жәбірленуші құтқарылды. Полиция тергеуді бастады.
фото: orda.kz