Қазақстандықтар мен мигранттар шетелге 7 миллиард доллар аударған — Ұлттық банк — Қаржы-қаражат

0

Былтыр жеке тұлғалар елімізден шетелге 7 миллиардтай доллар аударған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2018 жылдың 11 айында жеке тұлғалар шетелдерге 7 млрдтай доллар аударған. Ал, келіп түсетіні 2 миллиардқа да жетпейді. Сыртқы жіберілетін ақша негізінен елімізде жұмыс істеп жүрген еңбек мигранттарының аударымдары. Капиталдың көп бөлігі дәлірек айтсақ, 61,3 пайызы Ресейге, Түркия, АҚШ, Өзбекстан, Швейцария және Қытайға жіберіледі.

Телеарнадағылардың мәліметінше, Швейцарияға ақша жіберушілердің 80 пайызы өздерінің есеп-шоттарына аударса, Өзбекстанға керісінше, қайтарымсыз төлемдер жасалады.

«Қазір Қазақстанда 2 миллионнан астам еңбек мигранттары жұмыс істейді. Олардың бір миллионы бұл елде заңды түрде еңбек етіп жатса, тағы бір миллионы мұнда заңсыз жұмыс істейді», — дейді Мигранттар мәселелері бойынша халықаралық ұйымның үйлестірушісі Деян Кесерович.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz