Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?

0
Фото: Әлихан Сариев

Мамыр айында үш мереке қатар келгендіктен, қазақстандықтар 13 күн демалады, деп хабарлайды Almaty.tv.Мамырда үш мемлекеттік мейрам бар. 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр — Отан қорғаушы күні және 9 мамыр — Жеңіс күні.

Бұл айда екі мереке демалысқа түсіп отыр, 1 мамыр сенбіге, ал 9 мамыр жексенбіге тура келеді. Соған байланысты екі мерекеден кейінгі дүйсенбіде демалыс беріледі. Осылайша, мамырда қазақстандықтар 13 күн демалады.