Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

0
4

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

28 0 0

Мамыр айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде тұрғындар барлығы он үш күн демалатын болады

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. 2020 жылдың мамыр айында үш мемлекеттік мереке күні болады, деп хабарлайды Sputnik ҚазаҚстан.

Сондықтан сенбі және жексенбі күндерінен бөлек қазақстандықтар үш қосымша күн демалады.

1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні жұма күніне келеді. 7 мамыр, бейсенбіде Отан қорғаушылар күні аталып өтеді. Ал 9 мамыр – Жеңіс күні сенбіге келіп тұр.

9 мамыр сенбіге келіп тұрғандықтан, 11 мамыр дүйсені күні жұмыс болмауы тиіс. Алайда үкімет мереке күндерін бекіту кезінде демалысты дүйсенбі, 11 мамырдан 8 мамырға ауыстырған. Сәйкесінше, тұрғындар 7-10 мамыр аралығында демалады.

Бескүндік жұмыс күніндегі тұрғындар 1, 2, 3, 7, 8, 9, 10, 16, 17, 23, 24, 30 және 31 мамыр күндері демалады.Алты күн жұмыс істейтіндер 1, 3, 7, 9, 10, 17, 24 және 31 мамырда демалады.

Барлығы демалыс және мереке күндерін қосқанда 13 күн демалады.



sputniknews.kz