Қазақстандықтар латын графикасымен алғаш рет диктант жазды

0

180 мыңнан астам қазақстандық латын қарпінде диктант жазды. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын мектеп оқушылары, студенттер, сондай-ақ аға буын қолдады

Нұр-Сұлтанда Ұлттық академиялық кітапхана кең ауқымды акцияның орталық алаңына айналды. Елордадан басқа, еліміздің барлық облыстық, қалалық және аудандық кітапханаларында және жоғары оқу орындарында білім сынағы өткізілді.

Елордада «Жастар жылы» тақырыбындағы мәтінді 80 адам жазды.

Жалпыреспубликалық диктантқа қатысушы Қарлығаш Ахаева бұл акцияға алғаш рет қатысып жатқанын айтты.

«Бұл акцияға бірінші рет қатысуым. Жұмыста осындай диктант өткіздік. Осы диктантқа қатысуды ұйғардым, өйткені біздің жұмысымыз мемлекеттік тілмен тікелей байланысты. Ал біз 2025 жылға қарай қазақ тілі толығымен латын графикасына көшетінін білеміз», – деді Қарлығаш Ахаева.

Қатысушыларға диктант жазуға 40 минут уақыт берілді. Мәтіннің өзі 139 сөзден тұрды.

Айта кетейік, қатысушыларға баға қойылмайды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз