Қазақстандықтар лаңкестердің тұтқынында: Ақорда құтқару кадрларын жариялады — Ел жаңалықтары
5-6 қаңтарда Сирияда қазақстандықтарды құтқару операциясына «Жусан» аты берілді. Ақорда баспасөз қызметі құтқару шарасы туралы деректі видеоролик ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әскерилер мен құтқарушылар 5 қаңтарда Ақтаудан ұшып шықты. Ұшақта гуманитарлық көмек, алғашқы қажетті заттар, тамақтану жиынтықтары салынған пакеттер болды.
Эвакуация орнына қазақстандық күштер 5 қаңтарда 15:45-те жетті. Видеода балалар үшін қолайлы ұшу шаралары жасалғаны көрсетілген, оларды тамақтандырып, кітаптар мен ойыншықтар берді. Кейбір ер адамдарды ұшаққа көзін жауып кіргізді.
Қазақстандықтар отырған борт Ақтауға 6 қаңтарда түнгі сағат екі шамасында қонды.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz