Қазақстандықтар коронавирусқа байланысты 10 өнертабысты патенттеуі мүмкін — Қазақстан жаңалықтары

0

«Ұлттық зияткерлік меншік институтында соңғы үш айда қазақстандықтар коронавируспен байланысты өнертабыстарды патенттеуге 10 өтінім бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

патент

Қазақстандықтар коронавирусқа байланысты 10 өнертабысты патенттейді. Кейбіреулерінің атауында «коронавирус» немесе «COVID-19» сөздері бар, басқалары коронавируспен күреске тікелей байланысты.

«Негізінен бұл құрылғылар, түрлі техникалық шешімдер. Олар ойлап тапқан әдістер мен құралдарды вирустардан қорғау үшін ұсынған инноваторлар бар. Ереже бойынша біз олардың мәнін аша алмаймыз, себебі бұл зияткерлік меншік. Барлық өтінімдер сараптама сатысында тұр, оның нәтижесі бойынша патент беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім шығарылады», — деді институтта.

Айта кетейік, Ұлттық зияткерлік меншік институты қорғау құжаттарын берумен айналысады және өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді, тауар белгілерін, авторлық құқықтарды, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркейді.

stan.kz