Қазақстандықтар коронавирус таратады деп қорқып, үй жануарларын далада қалдыруда — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандықтар коронавирус таратуы мүмкін деп, жаппай өздерінің иттері мен мысықтарын тастап кетуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап.ит пен мысық

Десек те вирусологтар үй жануарларының ауруды таратпайтынын айтып дабыл қағуда. 

Телеарнаның мәліметіне сәйкес, Қазақстанда қаңғыбас иттер мен мысықтардың саны артыпты. Тұрғындар оларды індетті таратады деп қорқып, далаға тастауда. 

Алайда әлем бойынша вирусты үй жануарынан жұқтыру оқиғасы әлі тіркелмепті. 

«Үй жануарларына жақын туысын ретінде қараған дұрыс. Мысалы сіз отбасыңызда біреу аурып қалса, көшеге апарып тастамайсыз ғой. Жануардың өміріне жауапкершілікпен қарау керек», — дейді Нұр-Сұлтан қаласындағы панасыз жануарларға арналған мекеменің директоры Ғаникен Дербісәлиева. 

Қазіргі таңда жануарларға аударылатын қаражат та азайыпты. Семейдегі панасыз жануарларға арналған орталықта 100 астам мысық пен ит бар екен. ТЖ кезінде орталықтың жұмысын қамтамасыз ету қиынға соғыпты.  

«Айына 300 мың теңгедей ақша кетеді. ТЖ кезінде шығындарды барынша азайтуға тырысып жатырмыз. Тамақты аз беріп, жануарларды стерлизациялаудамыз. Ал біз бұған қоса өзіміздің отбасымызды асырауымыз керек», — дейді орталық басшысы Анастасия Глядинцева. 

Қазақстанда азаматтар жаппай үй жануарларын қаңғыртып жіберіп жатса, АҚШ-та карантин кезінде, керісінше, панасыз жануарларға орталықта мекендейтін ит-мысық қалмапты. Қазір америкалықтардың үй жануарларына деген қызығушылықтары 70%-ға дейін артыпты. 

stan.kz