Қазақстандықтар енді онлайн құрбандық шала алады

0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы алдағы күндері Құрбан айтта құрбан шалуды үйден шықпай-ақ онлайн режимінде жасауға болатындығын айтты.

Қазақстандықтар коронавирустық пандемияға тап болған кезде үйлерінен шықпау үшін өтінімді онлайн режимінде қалдырып, құрбандық шалуға тапсырыс бере алады.

«Тапсырыс берушіге жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріледі. Ең бастысы, пандемия кезінде үйден шықпауға, адамдармен байланыс жасамауға және интернетте құрбандық шалуға мүмкіндік беріледі», — деп хабарлайды мұсылмандар діни басқармасы.

Ол үшін арнайы сайт іске қосылмақ. Сайттың басты артықшылықтарының бірі — құрбандыққа шалынатын малдың бағасы сол жерде көрсетіледі. Жануарлардың еті мұқтаж адамдарға таратылады.

Өтінішті Qurban2020.muftyat.kz сайтында жіберуге болады.

Баспасөз хатшысының мәліметінше, қаізргі таңда онлайн құрбандық шалуға қатысты техникалық мәселелер реттелуде.Ресурс жақын арада қол жетімді болады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Құрбан айт мерекесі 30 шілде күні кешке басталып, 31 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстанда карантин жалғасатын болса, Құрбан айт өткізу талаптары қатаңдатылатын болады.

stan.kz