Қазақстандықтар енді екі баласы үшін ұшаққа билет сатып алмаса да болады: Жаңа бастама қолға алынды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандықтар еліміздің аумағында саяхаттаған кезде екі баласын ұшаққа тегін отырғыза алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

аэропорт

Бұл туралы «Қазақтуризм» ұлттық ұйымының баспасөз қызметі мәлім еттті. 

Жаңа жоба бойынша «1+2» бағдарламасы іске қосылмақ, яғни 15 жасқа дейінгі балалар ұшақ арқылы тегін саяхаттай алады. 

«Қазақстандықтардың ел аумағында демалуға деген ынтасын арттыру үшін KIDS GO FREE жобасын қолға алды. Қазіргі таңда аталмыш бағдарлама қаржы министрлігі тарапынан республикалық бюджеттік комиссияға тексеріске жіберілді», — делінген ресми хабарламада. 

Осылайша қазақстандықтардың демалыстарына жұмсайтын шығынды 30%-ға дейін азайтуға болады екен. 

«Егер 100 мы отбасы немесе 600 мың қазақстандыққа субсидия ретінде 7,6 миллиард теңге бөлінсе, ел бюджетіне ол ақша 33 миллиард теңге болып қайта оралады. Яғни, бұл арқылы бес есе пайда түспек», — деп қосты ұйым өкілдері. 

Атап кетерлік жайт, ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистикалар комитетінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы бір қазақстандықтың демалысқа жұмсаған орташа ақшасы 108 мың теңге (263 долларды) құраған. 

 

 

stan.kz